Главная / Авторы
Каталог "Алматыкітап"
Авторы
Редакторы и методисты
Вопрос-ответ
Помощь учителям и родителям
Отзывы
План мероприятий
Приглашаем авторов
Издательские услуги
Совместные проекты

Жұмабекова Ф.Н.

Жұмабекова Ф.Н.

1.Жұмабекова Фатима Ниязбекқызы 

2. Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.

1978-1981 ж. Қаскелең педагогикалық колледжін аяқтаған.

1982-1987 ж. Қазақтың Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетін тамамдаған. Мамандығы: педагог – психолог.

1995-1998 жыл Ы.Алтынсарин атындағы қазақтың бiлiм академиясының аспирантурасын бiтiрген. Кандидаттық диссертациясын 13.00.01-шифр бойынша қорғаған. ҚБА. 1998 ж. 2001 жылы доценттiк ғылыми дәрежесiн алған. Шифр-13.00.01 (ЖАК). Докторлық диссертациясын қорғауға дайындалу үстінде. Шифр–13.00.01. 2001 ж. 

3. 1958.08.08. ШҚО.

    Алматы қаласында 1975 ж бастап Қаскелең пед. колледжінде, Қыздар мемлекеттік университетінде оқып, еңбек жолын Алматыда бастаған. 1981-1988 жылдары балабақшаларда тәрбиешi, әдiскер, меңгерушi болып еңбек еттi. 1988-1990 жылдары Қазақ Мемлекеттiк қыздар педагогикалық институтында мектепке дейiнгi тәрбие кафедрасында аға оқытушы, 1990-2002ж. Ы.Алтынсарин атындағы қазақ бiлiм академиясында кіші және аға ғылыми қызметкер, жетекшi ғылыми қызметкер, «Мектепке дейiнгi тәрбие» институтында директордың орынбасары,  ғалым хатшысы қызметтерiн атқарған.

    2002-2003 оқу жылынан бастап Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң Әлеуметтік ғылымдар факультетiнiң Педагогика кафедрасының доцентi. Қазақстан республикасының оқу ісінің үздігі. 1996 ж. ҚБА-ның, Астана қаласы әкімі И.Тасмағамбетовтың, Астана қаласы білім басқармасы Ә.Темкеқызының, Еуразия ұлттық университеттің алғыс хаттары мен мақтау қағаздарымен марапатталған.

4. Педагогика тарихы, Мектепке дейінгі педагогика, Мамандыққа кіріспе, Педколледждегі педагогика, Педколледждегі дүниетану пәнінің әдістемесі, Аға тәрбиешінің жұмысы, Бейнелеу өнерінің әдістемесі мен технологиясы пәндері бойынша дәріс оқиды. Мамандықтар: 010501 - Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және 010502 бастауыш мектепте оқыту педагогикасы мен әдістемесі. 2010-2011 оқу жылында Экономика, Қаржы, Мемлекеттік жергілікті басқару және туризм мамандықтарына «Өзін-өзі тану» пәнінен дәріс, семинар сабақтар жүргізеді.

5. Арнайы курстар: «Жаңа педагогикалық технология», «Мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңартудың педагогикалық негіздері» т.б оқиды.

6. 2007 ж Төкен Арайдың магистрлік диссертациясына, 2008 ж Асылбекова Марзияның және 2010 ж Ақжарқын Баделдің кандидаттық диссертациясына жетекшілік жасалды. Диплом жұмыстары: 2006-2007ж 5 студент, 2007-2008 ж – 4 студент, 2008-2009-2 студентке жетекшілік жасалды. Магистрлар мен аспиранттардың ғылыми – зерттеу жұмыстарына, диссертацияларға ресми сарапшы. «Отбасы және балабақша», «Өзіндік таным» журналдарында  ақылдастар алқасының  мүшесi. Астана қалалық бiлiм департаментiнiң эксперттiк сараптама кеңесiнiң, үйлестіру кеңесінің, ғылыми кеңесінің мүшесi.

7. – Шет елдік педагогикалық басылымдарда: Москва, Прага, Кипр, Ташкент, Бішкек, Нүкіс қалаларында халықаралық конференцияларда баяндамалары жарияланған.

8.Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық унивеститетінің біліктілікті артыру факультетінің және Астана қаласының ББЖКБАИ да мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім беру мамандықтары бойынша «Мектепалды дайындықтың көкейкесті мәселелері», «Тәрбиеші педагогтің зерттеу мәдениетін қалыптастыру әдістемесі» атты курстарда тұрақты дәріскер. .

9. Ғылыми қызығушылық аясы: ғылыми педагогикалық зерттеу әдіснамасы, жалпы  педагогика және мектепке дейінгі тәрбиенің көкейкесті мәселелері, педагог мамандар дайындаудың педагогикалық - әдістемелік негіздері.

10. Ғылыми еңбектері: Білім және ғылым министрлігінің бекітуімен 12- оқу-әдістемелік еңбектері жарық көрген. 3-тұжырымдама, 1-мемлекеттік стандарт, - бағдарлама, 1-монография және ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен педагогикалық басылымдарда 80-нен астам мақалалары жарияланған. Оның ішінде 7-шет елдерде, 14 – ЖАК басылымдарында жарияланған.

    “Балбөбек” бағдарламасы (10 б.т), Алматы. Шартарап баспасы, Бөбектерге байғазы хрестоматия, (15 б.т), “Мектепалды оқу әдiстемелiк кешендерi”, Алматыкітап баспасы, (15 б.т), (33 аталымда) “Өзiн-өзi тану”әдiстемелiк нұсқау, балаларға арналған дәптер және хрестоматиялық жинақ, РОНДО баспасы, Алматы. ,,Отбасындағы тәрбие, ,,Көркемдiк тәрбие,, «Қағазбен жұмыс» РБК. Алматы.5 б.т, «Балабақшадағы көркемдік тәрбие» 8 б., «Құрастыру және қол еңбегінің» әдістемелік нұсқаулары мен Әліппе дәптерлері, Алматыкітап, 2012. «Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудың ғылыми-әдіснамалық негіздері». Монография, Мектепке дейінгі педагогика. Оқу құралы. Астана. Фолиант. 2008. 326 бет.          

Вопрос-ответ
Отзывы

Вопросов нет


Оставить вопрос


Книги автора, изданные у нас

В сети книжных магазинов «Алматыкітап баспасы» вы найдете книги для всей семьи!
© 2004–2016 Алматыкiтап баспасы
Сделано в 4Design
Головной офис:
Республика Казахстан,
г.Алматы, ул. Жамбыла, 111
info@almatykitap.kz
(+7 727) 250-29-58