Главная / Авторы
Каталог "Алматыкітап"
Авторы
Редакторы и методисты
Вопрос-ответ
Помощь учителям и родителям
Отзывы
План мероприятий
Приглашаем авторов
Издательские услуги
Совместные проекты

Кенжеахметұлы С.

Кенжеахметұлы С.

Сейіт Кенжеахметұлы

 1939 жылы 12 қаңтарда  Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Қызбел аймағындағы  «Сарықопа» деген жерде дүниеге келген.

Журналист, этнограф-жазушы. Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасының білім саласының құрметті қызметкері. Арқалық, Торғай қалаларының құрметті азаматы.

1957 жылдан бастап сықақ, мысал өлеңдер мен әзіл әңгімелер жазып келеді. 20-ға тарта еңбектері әр жылдары Қазақстан баспаларынан жарық көрген. С. Олейник, С.Михалков, Ә.Несин, И.Крылов, т.б. ақын-жазушылардың шығармаларын қазақ тіліне аударған.  

Сейіт Кенжеахметұлы ата-бабаларымыздан мұраға қалған мыңдаған мәдени құндылықтарды бүкіл саналы ғұмыры бойы тірнектеп жинап жүрген ұлт жанашырларының бірегейі.

Сейіт Кенжеахметұлының «Алматыкітап баспасынан» жарық көрген «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті», «Қазақтың дарқан дастарқаны» атты еңбектері өзіндік мазмұны, көркем безендірілуі жағынан оқырманның жүрегінен орын алып, көңілінен шыққан ерекше дүниелер. Аталмыш басылымдар үш тілде жарық көріп, алыс-жақын шетелдерге «қазақ» атын паш етіп келеді.

Әр қазақстандық автордың осы құнды еңбектерін көзінің қарашығындай сақтап, мақтан тұтып, рухани азығы, ел байлығын құрайтын дүние ретінде бағаласа дейміз.

«Алматыкітап баспасы» жазушының еңбегін 70 жылдық мерейтойына арнап, аздаған толықтырулар енгізіп, қайта басып отыр.

 

Вопрос-ответ
Отзывы

Вопросов нет


Оставить вопрос


Книги автора, изданные у нас

В сети книжных магазинов «Алматыкітап баспасы» вы найдете книги для всей семьи!
© 2004–2016 Алматыкiтап баспасы
Сделано в 4Design
Головной офис:
Республика Казахстан,
г.Алматы, ул. Жамбыла, 111
info@almatykitap.kz
(+7 727) 250-29-58