• Ресми сайт "Алматыкітап баспасы"
Мәскеу халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі (МХККЖ)
КАТЕГОРИИ
«Алматыкітап» баспасы» қазақстандық кітап саласын насихаттайды

Мәскеу халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі  (МХККЖ), қазіргі кезде «Атакент» ХШЖКөтеді. «Алматыкітап» баспасы» қазақстандық кітап саласының жетістіктерін насихаттайды.

Бұл Еуразиядағы ертеден келе жатқан ірі кітапфорумыаймақтың мәдени өміріндегі жарқын оқиға болып саналады. 

Биылғы жылыМХККЖ-ніңбасты тақырыбыбалаларәдебиеті болды. Көрме-жәрмеңкеде бұдан басқа да жанрлар мен бағыттарда  әлемнің 25 елінен келген  300 баспа жұмыс жасайды. Қонақтар мен қатысушылар көрмеде Қытай, Қазақстан, Үндістан, Германия, Греция, Венгрия, Сербия, Польша, Ресейден келген жүз мыңдаған кітаптармен таныса алады.

Бүгін «Алматыкітап»стендіне жүздеген қонақтар мен қатысушылар –баспагерлер, жазушылар, редакторлар, кітап өнерін бағалаушылар келіп, танысты. Олар Қазақстан, оның табиғаты, зергерлік өнері, тарихы туралы жазылған кітаптарға қызығушылық танытты.

«Алматыкітап» баспасы» Мәскеу көрмесінде жас қаламгер ЗәуреТөреханның «Амина Туран в стране номадов» атты жаңа кітабын ұсынады. Бұл –балаларға арналып фэнтези жанрында жазылған тұңғыш шығарма.

 

Толығырақ: ЗәуреТөреханова Қазақстанда Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономикажәне Бизнес факультетін 2006 жылы  бакалавриат, 2008 жылы магистратурасын тамамдады.

«Алтын қалам – 2014» Ұлттық байқауының, Тұңғыш Президент қоры ұйымдастырған әдебиет саласындағы «Алтын тобылғы – 2017» сыйлығының жеңімпазы.   Жас қаламгердің Алматы қаласының 1000 жылдығына арнап жазған «Біздің сүйікті қаламыз – Алматы» кітабы 2016 жылы «Алматыкітап» баспасынан  жарық көрді. Ізін суытпай, келесі жылы Астана қаласының 20 жылдығына арнап «Ел жүрегі – ажарлы қала Астана»деректі повесін тарту етті. Кітаптарының жалпы таралымы 16 000 данадан асты.

«Алматыкiтап» баспасы» Зәуремен ынтымақтаса еңбек етіп, оныңтұңғыш  фэнтези романы "Амина Туран в стране номадов" кітабын басып шығару құқығын иеленді.  Кітап  2018 жылдың тамыз айында жарық көрді.

Смотреть все новости

Комментарии

Оставить комментарий