Главная / Пресс-центр / Пресса
Новости
Пресса
Выставки и ярмарки
Презентации

Бүгін Алматыда Журналистика Академиясының жалпыұлттық жоғары «Алтын жұлдыз» жүлдесі иегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

29.05.2012

Источник: ТРК Казахстан

Бүгін Алматыда Журналистика Академиясының жалпыұлттық жоғары «Алтын жұлдыз» жүлдесі иегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Жоғары кәсіптік шеберлігі мен өмірдің өзекті мәселелерін көтере алғаны үшін биылғы «Алтын жұлдыз» сыйлығы, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Айнаш Есали, «Алматыкітап» баспасының президенті Элеонора Баталова мен фотожурналист Владимир Бугаевқа бұйырды. Сонымен қатар, жиында Қазақстанның Журналистер Академиясына жаңа мүшелер қабылданды. Олардың барлығына мақтау қағаздары мен ресми құжаттар табыс етілді. Шара аясында сондай-ақ, белгілі журналист Сағымбай Қозыбаевтың «Журналист – намысшыл адам» атты жаңа кітабының тұсауы кесілді. Төл туындыда автор еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлі мен журналистика саласында өз қолтаңбасымен, ерекше мінезімен, абырой-беделімен көзге түскен тұлғалар жайында жазған.

Сағымбай Қозыбаев, Қазақстан Журналистика Академиясының президенті:

Бүгін мен ерекше бір қуанышты күйде тұрмын. Академияның қатарын толықтырып,  озық журналистерді марапаттау, әрине қажет нәрсе. Себебі, мұндай марапаттаулар журналистерді ынталандыра түседі.

Айнаш Есали, «Алтын жұлдыз» жүлдесінің иегері, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі:

Бұл сыйлық 2001 жылы алғаш рет берілген кезде біз алғаш рет сахнада тұрған Нұртөре Жүсіп, Арманжан Байтасов сияқты қазіргі журналистиканың алдында жүрген адамдарға қарап, армандап, қызығып, қашан біз сол сахнаға шығып, осындай сыйлық аламыз, деп армандайтынбыз. Содан бері 10 жыл өтті, міне бүгін мен сыйлықты алдым. Бақыттымын!

 

Әйгерім МУСИНА

 



Видеоархив



В сети книжных магазинов «Алматыкітап баспасы» вы найдете книги для всей семьи!
© 2004–2016 Алматыкiтап баспасы
Сделано в 4Design
Головной офис:
Республика Казахстан,
г.Алматы, ул. Жамбыла, 111
info@almatykitap.kz
(+7 727) 250-29-58