Главная / Пресс-центр / Пресса
Новости
Пресса
Выставки и ярмарки
Презентации

Фототілшілер сайысының жеңімпаздары анықталды

10.10.2012

Фототілшілер сайысының жеңімпаздары анықталды Источник: Massaget.kz сайті

Жұма күні, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің баспасөз қызметі залында «Бүгінгі ел фотоөнерінің тынысы» атты ардагер фотошежірешілер, белгілі фототілшілер, кәсіпқой және әуесқой фотографтардың студенттермен кездесуі өтті.

«ФОТОӨНЕР» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылхан Әбдірайымұлы бүгінгі фотография, фотопублицистика саласының еліміздегі тынысы жайлы, ұйымдасып атқарылған фотокөрмелер, фототүсірілімдер жайында сөз сөйледі. Tабиғат түсірілімінің маманы, жуырда шыққан «Қазақстанның інжу-маржандары» атты фотоальбомның авторы белгілі журналист, аудармашы, фотосуретші Бораш Кәкен және той түсірілімі жанрының шеберлері атынан «Айдаhар премиум» студиясының басшысы Оңғарбек Алхаров өз жұмыстары жайында қысқаша баяндады. Соңынан студенттермен сұрақ-жауап алмасу қыза түсті.

Ардагер фототілші Нұрғожа Жұбанов бүгінгі жастардың осы салаға қызығушылықтарының аса қарқынды түрде өсіп келе жатқанына таңданысын білдірген еді. Факультет деканы Өмірхан Әбдиманов ұйымдастырушылар мен уақыттарын бөліп келген қатысушы мамандарға ризашылығын білдірді. Кездесуде белгілі дизайнер-суретші Нұран Айымбетовке де бүгінгі баспасөз бетіндегі фотосуреттерді өңдеу, көркемдеу жайында да көптеген сұрақтар қойылды.

Екінші бөлімде «ФОРМАТ-2012» фотобайқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі жалғасты. Оның қорытындысын қазылар алқасының төрағасы «Алматыкітап» баспасының бас редакторы Алмира Үмбетқызы жариялады.

Жеңімпаздар 3 номинация бойынша анықталды:

Үздік портрет - «Ашық алаң» газетінің фототілшісі Серік Өтегенұлы.

Үздік фоторепортаж – Қызылорда қаласының белгілі фотосуретшісі Қайрат Шалтақбаев.

Үздік пейзаж – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің 4-курс студенті Ирина Сокол.

Жеңімпаздарға диплом, қаржылай-заттай сыйлықтар табыс етілді. Кездесуді баспа ісі кафедрасының меңгерушісі Сағатбек Медеубекұлы жүргізді.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: Нұрғиса Елеубеков

 

В сети книжных магазинов «Алматыкітап баспасы» вы найдете книги для всей семьи!
© 2004–2016 Алматыкiтап баспасы
Сделано в 4Design
Головной офис:
Республика Казахстан,
г.Алматы, ул. Жамбыла, 111
info@almatykitap.kz
(+7 727) 250-29-58