Главная / Пресс-центр / Пресса
Новости
Пресса
Выставки и ярмарки
Презентации

«Алтын сапаға» алматылықтардың да қосар үлесі бар

04.08.2011

«Алтын сапаға» алматылықтардың да қосар үлесі бар Источник: «Айқын» № 142 (1809)

 «Қазақстанның үздік тауары» аймақтық көрме-конкурсы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы аясында өткізілуде. Байқаудың аймақтық кезеңінің басты міндеті - сапа жөніндегі ең үздік компанияны анықтау. Көрмеге қатысу үшін Алматының 74 кәсіпорны өтініш беріпті. Олардың арасынан жеңімпаз компаниялар республикалық конкурсқа қатысып, бақ сынасады.

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында отандық өнімдерді басекелестік деңгейге көтеру мақсатын алға қойғанын тілге тиек еткен Алматының әкімі:«Қазақстан инновация жолымен жүруі керек, жоғары технологиялы өндіріс құру қажет. Осы мақсатта арнайы бағдарлама әзірленген. Ол «Өнімділік - 2020», «Экспорт - 2020» деп аталады. Өнімнің бәсекелестік қабілетін арттыру мен өнімді сыртқа шығарушыларды қолдау мақсатында мемлекет тарапынан қаржы да аз бөлініп жатқан жоқ. Осы бағыттағы көрсеткіштер бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында келеді. «Экспорт - 2020» бағдарламасы бойынша қала кәсіпорындарына 50 пайыз қаражат бөлінген. Әрине, біз осымен тоқтап қалмауымыз керек. Мен қала кәсіпкерлерін бизнесті қолдау мақсатындағы мемлекеттік бағдарламаларға белсена қатысуға шақырамын, - деді.

Индустриялды-инновациялық даму бағытындағы мемлекеттік бағдарлама аясында Алматы қаласының әкімшілігі жалпы құны 15 млрд теңге тұратын 16 индустриялды-инновациялық жобаны іске асырып жатыр. Оның ішінде құны 33 млрд теңгені қамтитын 4 жоба былтыр іске асырылған. Ал жалпы құны 3,5 млрд теңгеге тең 3 индустриялды-инновациялық жобаның үстіміздегі жылы шілде айында Мемлекет басшысының қатысуымен Инновациялық форум барысында тұсауы кесілді. Енді екінші жартыжылдықта құны 1,2 млрд теңге тұратын үш жоба пайдалануға берілмекші. Бұдан басқа алты жоба 2012 - 2015 жылдары іске қосылады.

Бұдан өзге индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жалпы құны 334 млрд теңгелік 38 жобаны қарастыруды көздеп отыр. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 44 жобаны қаржыландыру көзделген.

Сонымен қатар үстіміздегі жылы «Өнімділік - 2020», «Экспорт - 2020» бағдарламалары қолға алынды. «Өнімділік - 2020» бағдарламасы аясында өнеркәсіп орындары құрал-жабдықтарын жаңарту үшін лизингтік қаржыландыру жеңілдіктерін пайдалана алады. «Экспорт - 2020» бағдарламасы аясында 2010 жылы қаланың 13 кәсіпорны өз шығындарын 55,5 пайызға өтеп алды. Келер жылы осы бағдарламаға тағы да 10 кәсіпорын қатыспақшы.

Қазір Алматыда 1500 кәсіпорын бар. Оның 156-сы ірі және орташа. Шағын кәсіпорындардың үлесі 89,6 пайызды құрайды. Өткен алты айда 205,2 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілген. Бұл өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда 121,4 пайызға тең. Маусым айында ғана 33,7 млрд теңгенің өнімі саудаға шығарылды. Бұл - өте жоғары көрсеткіш.

Бүгінде Алматы кәсіпорындары өнімдерінің 90 түрі жақын және алыс мемлекеттерге жіберілуде. Сонымен қатар 598 кәсіпорын және ұйым халықаралық ИСО сапа сериясына ие болған. Жыл соңына дейін 20 кәсіпорын ИСО 9000 және 14000 сапа сертификатын алмақшы.

«Кеше Алматыға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен келіп, қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысып, жұмысымызға жақсы баға берді. Тұрақты даму қаладағы кәсіпорындардың арқасында болып отыр. Бірінші жартыжылдықта өнеркәсіп өндірісі 21,4 пайызға өсті. Жаңа өндіріс орындары ашылып, жұмыс орындары пайда болды. Алты айда жұмысқа орналастыру орталығына 2700 адам хабарласқан, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе кем. Жұмыссыздық - 0,5 пайыз, Бұл қала тарихындағы ең төменгі көрсеткіш, - деп атап көрсетті Ахметжан Есімов.

(Фото) Айтжан Мұрзанов
Жолдасбек ДУАНАБАЙ

 

В сети книжных магазинов «Алматыкітап баспасы» вы найдете книги для всей семьи!
© 2004–2016 Алматыкiтап баспасы
Сделано в 4Design
Головной офис:
Республика Казахстан,
г.Алматы, ул. Жамбыла, 111
info@almatykitap.kz
(+7 727) 250-29-58