Қазақстан Республикасындағы ірі баспа және кітап сатушы мекемелердіңбірі – «Алматыкiтап» баспасы» компаниясыбұрыннан келе жатқан «Қазақкітап» (Алматы облыстық кітап саудасы)республикалық бірлестігі Алматы облыстық кітап саудасы кеңсесінің тарихын жалғастырушы.
1988 жылғы мамыр айында «Қазақкітап» (облыстық кітап саудасы) республикалық бірлестігінің Алматы облыстық кітап саудасы кеңсесі - «Қазақкітап» қазақ республикалық бірлестігі жанындағы«Алматыкiтап»Алматы облыстық кітап саудасы кеңсесі болып өзгертілді.
1993 жылғы желтоқсан айында Алматы облыстық кітап саудасын акционерлендіру нәтижесінде«Алматыкітап» Ашық Акционерлік қоғамы құрылды.
2004 жылғы шілде айында «Алматыкітап» ААҚ-ы «Алматыкітап» Жауапкершілігі шектеулі серіктестік («Алматыкітап» ЖШС)болып өзгертілді.
2007 жылдан бастап Қазақстан нарығында компания «Алматыкiтап» баспасы» ЖШС атауымен белгілі болып келеді.
1999 жылы компания балаларға арналған түрлі түсті, қазақша-орысша-ағылшыншасөздікжәне үш тілде (қазақша, ағылшыншажәне орысша) тамаша суреттермен безендірілген 7 кітаптан: "Ауа райы", "Көлемдер", "Уақыт", "Есеп", "Фигуралар", "Түстер", "Салыстырулар"-тұратын кітаптар сериясын басып шығарумен айналыса бастады.
Кітап нарығында жұмыс істейтін мекемелердің құқықтарын ұжымдық түрде қорғау мақсатында компаниямыздың басшысы Қазақстан баспагерлері мен кітап таратушылар Ассоциациясын (АИК) құру туралы бастама көтерді. Бұған дейін өз бетімен өмір сүріп келген ұйымдарды біріктіру арқылы Ассоциация баспагерлер мен кітап таратушылар алдында тұрған міндеттерді табысты шешіп келеді. «Алматыкiтап» баспасы» қазіргі кезде Ассоциацияның белсенді қатысушысы болып табылады.
2001 жылы Ассоциацияныңжәне Элеонора Нығметқызы Баталованың басқаруындағы біздің компаниямыздыңинициативасыменҚазақстан Үкіметі Алматы қаласында "Ұлы Жібек жолымен" деп аталатын Бірінші Халықаралық кітап және полиграфиялық өнімдер жәрмеңкесін өткізуге шешім қабылдады.
Бұл кәсіби форумға Орталық Азия өңіріндегі 14 елден 120-дан астам қатысушылар келді, алыс және жақын шетелдер мен халықаралық дәрежеде кеңінен танымал болып, білім беру және мәдениет салаларындағы Қазақстанның беделін арттыра түсті. Содан бері жәрмеңке 2 жылда бір рет өткізіліп тұрады.
2013 жылы бұл жәрмеңке жетінші рет өткізілді. Осы уақыт ішінде жәрмеңкеге тек Орталық Азия елдерінен ғана емес, сонымен бірге Ресей, Украина, Италия, АҚШ, Германия, Словакия, Түркия, Қытайжәне басқа елдердің де баспагерлері мен полиграфистері қатыса бастады. Бұл жәрмеңкенің көрсеткішті нәтижелерінің бірі -көптеген елдердің баспагерлері мен полиграфистері, кітап таратушы компаниялары мен фирмалары арасында мәдени және іскерлік байланыстардың нығаюы: тәжірибелермен алмасу белсенділігі артып, кітап өндіру, полиграфия мен кітап саудасы саласына жаңа технологиялар тиімді енгізіле бастады, алыс және жақын шетелдерде ұлттық кітап өнімдерін өндірудің артуына үлес қосу күшейе түсті.
2003 жылдан бастап баспа 12 жылдық жалпы білім беретін мектептердің эксперименттік сыныптарына арналған өз оқулықтарын апробациядан өткізуге рұқсат алды.
2008 жылы баспаҚазақстанда бірінші рет 11 жылдық жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарына арналған балама оқулықтарды жасап, басып шығарды.
«Алматыкiтап баспасының» жаңа оқу-әдістемелік кешендері оқу әдебиетіне қойылатын барлық талаптарды, сондай-ақ Қазақстанның ұлттық ерекшеліктерін, салт-дәстүрін, табиғи-климаттық аймақтық ерекшеліктерін ескере отырып жасалады.
«Алматыкiтап баспасының» оқулықтары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен шығарылатын, білім беру ұйымдарындағы оқу үдерісінде пайдалануға рұқсат етілетін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерінің жыл сайынғы тізіміне енгізіліп келеді.
2009 жылы оқушылардың денсаулығына қамқорлықпен қараған «Алматыкiтап» баспасы» Қазақстанда бірінші болып бастауыш сыныптарына арналған оқулықтарды даярлауда жаңа өнімді, атап айтқанда – FLEX (интегралдық) мұқабасын қолданды, ол оқулықтарға қойылатын санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес, кітапты айтарлықтай жеңілдетіп, сонымен бірге беріктігін арттырады.
«Алматыкiтап» баспасы» елімізде бірінші болып 5 және 6 жастағы балаларға арнап мектепалды даярлық бойынша оқу-әдістемелік кешендер даярланып, басып шығарылды, ал 2013 жылыбаспа Қазақстанда бірінші болып «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары бойынша мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған оқу-әдістемелік кешендерін жасап, басып шығарды.
Баспа ісімен айналыса бастаған жылдары мазмұны мен безендірілуі жоғары дәрежедегі, оқушылар мен мұғалімдердің барлық шығармашылық талаптарына сай келетін кітаптар басылып шығарылды. Бұл – «МеніңҚазақстаным», «Менің алғашқы кітабым», «Мектеп кітапханасы» сериясындағы кітаптар.
«Менің Қазақстаным» сериясымен жарық көрген алғашқы кітаптар қатарына өлкетану саласындағы «Қазақстанның өсімдіктер әлемі», «Қазақстандағы жануарлар әлемі», «Ғажайып омыртқасыздар», «Қазақстан Қызыл кітабы беттерінен», қазақ халқының тарихы, тұрмысы мен мәдениетітуралы - «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Энциклопедия. Қазақ оюлары», «Қазақтардың ұлттық тағамдары» және т.б.сондай-ақ ертегілер мен эпостар - «Қамбар батыр», «Қобыланды батыр», «Қазақ ертегілері» және т.б. жарық көрді.
Баспадан шығарылатын кітаптардың 30%-дан астамыүш тілде:қазақша, орысша және ағылшынша жарық көрді.
Тұтас алғанда он бес жылдық жұмысы кезеңінде баспа барлығы 3000-нан астам аталымдағыбалаларға арналған, көркем, дамытушылық,танымдық жәнеоқу әдебиеттерінжалпы таралымы 40 млн-нан астам данамен басып шығарды.
«Алматыкiтап» баспасының» басылымдарыФранкфурт, Лондон, Лейпциг, Париж, Мәскеу, Түркмения т.б. жерлерде өткізілген халықаралық кітап жәрмеңкелерінде көрмеге қойылды.
Бүгінгі күні біз Ұлыбритания, Франция, Ресей, Белоруссия, Үндістан елдері баспаларымен, Латын Америкасы елдерінің баспалар Ассоциациясыменбірлескен жобаларды жүзеге асырамыз.
«Алматыкiтап» баспасының» ұжымы 190-нан астам жоғары білікті қызметкерлерден тұрады. Баспа штатында«Алматыкiтап» баспасы» басылымдарының баспаханаға дейінгі жұмыстарын атқарумен айналысатын әдіскерлер, қазақша және орысша мәтінредакторлары, суретші-дизайнерлер, техникалық редакторлар еңбек етеді.
«Алматыкiтап» баспасы» кітаппен жұмыс жасауға ең жақсы деген қазақстандық авторлар мен суретшілерді тартады, осының арқасында шығаратын кітаптарының сапасы жоғары, безендірілуі мінсіз болуын қамтамасыз етеді.
Заманауи экологиялық технологияларды пайдаланатын және өніміміздің жоғары полиграфиялық сапамен жарық көруін қамтамасыз ететін ең жақсы қазақстандық және шетелдік баспаханалармен ынтымақтастық жасайды.
«Алматыкiтап» баспасы» өнімдерінің терең мазмұнды, сапалы орындалғандығына көптегенмарапаттар мен дипломдар куә бола алады.
Алматы қаласында кітап дүкендері желісі бар «Алматыкiтап» баспасы» қаланың барлық халқы мен қонақтарын әртүрлі бағыттағы әдебиеттермен іс жүзінде қамтамасыз етіп отыр.
«Алматыкiтап» баспасы» Нұрсұлтан қаласында үш жаңа дүкенашты, сондай-ақ Қазақстан бойынша дистрибьюторлық жүйені жолға қойған.