• Официальный сайт издательства "Алматыкітап баспасы"
Абдрахманова Г.А.

Абдрахманова Г.А.

0 комментариев

Книги писателя ›

Поделиться:

Алматы қаласы Білім басқармасы  «Үміт үйі» мемлекеттік мекемесінің музыка жетекшісі - Г.А.Абдрахманованы «Үздік педагог» байқауына қатысуға ұсынады:

        Абдрахманова Г.А. мектепке дейінгі мекеме «Үміт үйінде» 2002 жылдан бастап қызмет атқарады. Өте жауапкершілігі жоғары, өз ісінің кәсіби шебері.

       Оның барлық сценарийлерінен өз ісіне деген, балаларға деген зор сүйіспеншілікті аңғаруға болады. Ол  өзіне өте сенімді, принципшіл, сауатты маман. Жақсы билейді, ән айтады, музыка аспаптарында шебер ойнайды ( домбыра, пианино, аккордеон және т.б.). Үлкендерге және балаларға арнап әр түрлі қызықты шаралар ұйымдастырады, дарынды жүргізуші. Адамдармен жұмыс істей алады, оларды өз айтқанына тартып, қызықтыра біледі. Оның барлық сабақтары жоғары кәсіби деңгейлігімен, балалар психологиясының ерекшелігін жақсы білетіндігінен, әр баланың бойынан дарындылықтың бір ұшқынын көре білуімен және соны аша білуімен ерекшеленеді.

       Гүлмира Ауелбекқызы өте жоғары деңгейде, кәсіби тұрғыда қызықты шаралар, мерекелік кештер өткізді.

-          1998 жылы Алматы қаласы, Әуезов ауданының музыка жетекшілеріне және педагогтарына Н.Тілендиевтің шығармашылығына арнап, музыкалық кеш өткізді.

-          1999 жылы Әуезов ауданының музыка жетекшілеріне «Әуенді тап», «Сиқырлы аспаптар» атты музыкалық ойын-сауық ұйымдастырды.

-          Әуезов ауданының музыка жетекшілеріне және педагогтарына ҚР Тәуелсіздігінің 10-жылдығына орай «Менің сүйікті - өлкем» атты музыкалық қойылым өткізді.

-          2001 жылы Әуезов ауданының  балабақшалары арасында өткен «Ең үздік қазақ биі» байқауында «Өрнек» биімен Бас жүлдеге ие болды.

-          2003 жылы Р.Бағланованың ұйымдастыруымен өткен «Поют и танцуют дети Казахстана» балалар фестивалінде Айза мен Гүлнұр «Туған жер» әнімен, дипломмен марапатталды.

-          2004 жылы «Үміт үйінде» ақын-сазгер И.Сапарбаймен кездесу кеші өткізілді.

-          2005 жылы Испан Корольдігінің ұйымдастыруымен өткізілген би байқауында «Ирландық би» Алғыс хатпен  марапатталды.

Сонымен қатар:

-          2007 жылы ҮІІ «Өз жолың» атты байқауда «Ту мен Елтаңба»қойылым   Бас жүлде.

-          2007 жылы « Әр бала дарын!» байқауында І- орын.

-          2007 жылы «Әр бала дарын!» байқауында ең үздік әннің орындалуына мақтау қағаз.

-          2007 жылы Алматы қаласы. Білім департаменті «Құрмет грамота»

-          2008 жылыҮІІІ «Өз жолың» атты байқауда «Балдаурен» оркестрі  І- орынға ие болды.

-          2009 жылы Білім және Ғылым министірлігінің «Құрмет грамотасы»

-          2009 жылы «Ең үздік музыка жетекшісі» байқауында «Музыка планеталарына саяхат»мастер класын көрсетіп және қазақтың халық әні «Қара жорға»биін ерекше дайындап Бас жүлдеге ие болдым.

-          2010 жылы «Мейірім байқауы» үш-жасар «Шөжелер»  ІІ- орын.

-          2010-2011-2012 жылдары «Балапан» байқауында барлық наминациясында Бас жүлдеге ие болды.

-          2011 жылы Білім және Ғылым министірлігінен Алғыс білдірілді.

-          2012 жылы «Мейірім» фестивалінде І- жүлделі орынға ие болды.

         2008 жылы мектепке дейінгі мекемелердің музыка жетекшілеріне арналған «Күмбірлеген күйге еніп, мың бұрала билеші» атты билер жинағы, осы жылы «Ән орындап, би билеп, өсер, өркен жеткіншек» деген атпен ертеңгіліктерінің бір топ жинағы жарық көрген болатын. 2009 жылы «Мы веселые ребята» ойын сауық шығарылды. 2012 жылы Мемлекеттік тапсырыс бойынша мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудегі мемлекеттік стандартқа сәйкес «Шығармашылық» музыка саласы бойынша 2-3,3-4,4-5 жас ерекшеліктеріне әдістемелік құрал жазылып тапсырылды.

2010-2011 жылы өткен қалалық «Балапан» байқауының әділқазылар мүшесі болды.

  Осы жылы ,Мәдениет жылына Лидия Каденова, Майра Илясова, «Серілер»тобы ақын сазгер И. Сапарбай, балалар сазгері әншісі Б.Бисенова, тілші Р. Ескендір, «Жан жылуы»бағдарламасының авторы Ақбаян Сапарбаева сияқты  еңбегі сіңген ақын, сазгер, әнші , әртіс, тілшілермен арнайы ұйымдастырылған әсерлі кездесу кештер өткізілді. Республикалық форумда, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген ,департамент,мекеме директорлары шексіз алғыс білдіртті.

 Гүлмираның ұйымдастырушылық қабілеті өте жоғары, қоғамдық жұмыстарды белсенді, жауапкершілікпен орындайды, мүмкін емес нәтижелерге қол жеткізуге үнемі тырысып бағады. Әр жылы тәрбиеленушілер мен тәрбиешілер арасында кездесу іс-шаралары ұйымдастырылады.

       Ол тума дарын, дайын асаба, сөзге мықты, тілге шебер.

       Гүлмира ұжым арасында өте беделді. Ол сыйлайды, сыйлата біледі. Жүрегі өнер деп соққан қазақтың осынау бір қызын көргенде тал бойында қаншама қажыр, қаншама жігер, қаншама қайрат сыйып тұр деп таңқаласың.

          2013 жылдың қаңтар айының 3-ші жұлдызынан бастап «Үміт үйі» КММ –нің ОТБ-нің бөлімінің  меңгерушісі қызметін атқарамын.

 

Комментарии

Оставить комментарий