Аймағамбетова Қазына
1937 жылы 28 сәуірде Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында дүниеге келген.
1943–1953 жылдары Ырғыз орта мектебінде білім алған.
1953 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының география факультетіне түсіп, 1957 жылы тәмамдады.
1960-1980 жылдары Ы. Алтынсарин атындағы Білім беру академиясында қызмет істеген. Осы жылдарда Алматыдағы №2 мектеп-интернатта сабақ беріп, ғылым мен мұғалімдік қызметті қатар алып жүрді.
1968 жылдан бастап 2-сыныпқа арналған ең алғашқы қазақ тіліндегі “Табиғаттану” оқулығының негізгі авторы болған. Бұл оқулық сол кездегі Одақтас республикалар арасында ана тілінде жарық көрген алғашқы оқулықтар қатарында үш жыл бойы Мәскеу қаласында өткізілген ХШЖК көрмесіне қойылды.
1970 жылы кандидаттық диссертация қорғаған. Көптеген шетелдерде болып, арнайы баяндамалар жасаған.
1980 жылдан берi Қазақ мемлекеттiк қыздар педагогикалық институтында қызмет атқаруда. Ғылыми зерттеу аймағы – бастауыш мектепте оқыту әдістемесін, оқу-әдістемелік кешен дайындауды жетілдіру.
2003–2007 жылдары “Алматыкітап” баспасынан басылып шыққан 12-жылдық мектептің 1–4-сыныптарына арналған “Қоршаған орта” ОӘК авторларының бірі.
“Алматыкітап” баспасында жарық көрген 1-сыныпқа арналған “Дүниетану” (2008), 2-сыныпқа арналған “Дүинетану” (2009), 3-сыныпқа арналған “Дүниетану” (2010), 4-сыныпқа арналған “Дүниетану” (2011) оқулықтары мен оларға жазылған әдістемелік құралдардың авторы.