• Официальный сайт издательства "Алматыкітап баспасы"
Дильмагамбетова Г.А

Дильмагамбетова Г.А

0 комментариев

Книги писателя ›

Поделиться:

Гүлзия Абдрахманқызы еңбек жолын 1997 жылы 15-қыркүйектен Алматы қаласындағы     №92 балабақшада тәрбиеші қызметінен бастап,   2002 жылы осы балабақшада аға тәрбиеші қызметін атқарған. 2005 жылдың  11 қараша айынан Бостандық ауданына қарасты №69 бөбекжай-балабақшасында меңгеруші қызметін атқарып келеді. Нағыз жоғары дәрежедегі меңгеруші екенін әріптестерімен жұмыс істеген кезде жарқыратып көрсете алатын басшы. Жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беруде зор еңбек етіп келеді. Жоғары мәдениетті, өте сауатты меңгеруші. Тәрбиешілерімен, ата-аналармен тығыз жұмыстар жүргізеді. Жаңа өмір талабына сай балабақшаны безендіруде, көгалдандыруда аудан аралығында және қала бойынша да балабақша алдыңғы қатарда болуына өз үлесін аямай қосуда. Ауданаралық және қала аралық байқауларға қатысып, МКҚК №69 бөбекжай-балабақша үздік орындар алды.

    1999-2002 жылдары «Отбасы балабақша», журналына тәрбиешінің іс-тәжірибелік жұмыстары басылып шықты.

    2003 жылы болған «Жыл тәрбиешісі» байқауына қатысып Ауданда І-ші жүлделі орынға ие болды.

    2008-2009 оқу жылында балабақша Бостандық ауданы бойынша үздік балабақша атанды.

    2009 жылы қалалық «Ең үздік жаңа жыл безендіру» байқауына қатысып, жүлдегер атанды.

    2009-2010 оқу жылында Қалалық «Ең үздік әдістемелік кабинет» байқауына қатысып І-ші орынды жеңіп алды.

    2007 жылы қазан айында Бостандық ауданының әкімінің қолынан мақтау грамотасымен және осы жылы наурыз айында АҚБЖИ және ҚДИ директорының атынан «Мектеп жасына дейінгі балаларға, саналы тәрбие сапалы білім беруде жас ұрпақтың жан-жақты дамуына шығармашылық үлесін қосқаны үшін» грамотамен марапаталды.

     №69 балабақшасының іс-тәжірибесі «Байтақ елім, туған жерім» 2009 жылы, 2011 жылы «Есептеп үйренейік», 2012 жылы «Өнерлі өрге жүзер» атты әдістемелік құралдары жарық көрді.

    2006 жылы қазан айында «Игілік» Республикалық жанұялық басылымда және осы жылдың шілде айында «Үкілім-ай» халықаралық журналында мақалалары шыққан.

    2010 жылы Алматы қаласы әкімінің орынбасары С.Сейдуманов алғыс хатына, Білім басқармасының бастығы Р.Шимашеваның құрмет грамотасына иеленді.

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 қарашадағы Жарлығы бойынша Ділмағамбетова Гүлзия Әбдірахманқызы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен наградталды.

    2011 жылы «Білім ұясы-3» қалалық байқауында №69 бөбекжай-балабақшасы бас жүлдені, Республика көлемінде І дәрежені иемденді.

   2011 жылы Алматы қаласының әкімінің құрмет грамотасына және Республикалық «Балалық шақ» орталығының құрмет грамотасына және АҚБЖИ және ҚДИ директоры және педагогика ғылымдарының докторынан алғыс хатқа ие болды.

   2012 жылы «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының директоры К.К. Жампейсова алғыс хатымен марапаттады.

  2012 жылы «Күләш байсейтова атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернат» ММ директоры О.А. Абдуллаев алғыс хатымен марапаттады.

      Өз мамандығын жетік меңгерген, ұжымы арасында сыйлы да беделді жоғары  басшы. Бала тәрбиесіне үлкен үлесін қосып аянбай күш жігерін салып, қызметін адал атқара отырып, мектепке дейінгі тәрбие саласында өз шығармашылығын ортаға сала білетін меңгеруші.

 

Комментарии

Оставить комментарий