Мектеп шәкірттері арасында тұңғыш қоңырау, соңғы қоңырау деген
ұғымдар пайда болды. Қоңырау сөзінің байыбына баратын болсақ, ол шіркеу
қоңырауын еске салады. Біздің қазақ артынан сөз ерген адамды соңында
қоңырауы бар дегенін естігенбіз. Шынында да даладағы қазаққа өрістегі алысқа
ұзап кеткен малдың төлін іздеу үшін мойнына қоңырау тағып қойғаны болмаса,
қоңыраудың басқа қажетке керегі шамалы. Сол қоңырауды мектепте қазақтың
ән-күйімен ауыстырғаны өте орынды болды.