Керек кітап
0 комментариев
Белгiлi балалар ақыны Өтепберген Ақыпбекұлының “КЕРЕК КIТАП” деп аталатын кезектi
өлеңдер жинағы шын мәнiнде балаларға, балабақша тәрбиешiлерi мен бастауыш сынып
оқушыларына, ұстаздар қауымына және ата-аналарға өте керек, қажеттi кiтап болады деген
сенiмдемiз.
Жинақ 4 бөлiмнен тұрады: I бөлiм “Айдай аппақ бөпем бар” деп аталады. Аталмыш бөлiм
– ананың
жүктi болғанынан бастап, сәбидiң дүниеге келуi, яғни ұлттық салт-дәстүр негiзiнде
жазылған “Құрсақшашу”, “Жарысқазан”, “Сүйiншi”, “Қалжа”, “Итжейде”,”Бесiкке салу”, “Қырқынан
шығару”, “Қаз тұру”, “Бесiк жыры”, “Тұсаукесер” сияқты өлеңдер топтамасынан тұрады. Кітаптың
II бөлiмiндегi Қазақстан Республикасының рәмiздерi: Елтаңба, Әнұран, Ту туралы өлеңдер
топтамасы республикалық мүшайрада жүлделi 3 орынды иемденген болатын. Сонымен қатар
Конституция күнi, Республика күнi, Тәуелсiздiк күнi, Бiлiм күнi секiлдi мерекелiк күндер жайлы,
сондай-ақ, Баспасөз күнi, Радио күнi, Мұрағат күнi тәрiздi кәсiби мерекелер қақындағы және
Аналар күнi, Балаларды қорғау күнi, Киношылар күнi сияқты халықаралық мерекелер туралы
өлеңдердiң де көркемдiк дәрежесi өте жоғары. III бөлiм балалардың ой-қиялын жетiлдiретiн түрлi
үлгiдегi ойындар, жаңылтпаштар мен санамақтар, сұрамақтар мен мазақтамаларға арналған.
ІV бөлiмдегi “Айдындағы әлiппе” топтамасының да көтерер жүгi қомақты. Балықтар тiршiлiгi
жайлы өлеңдер мен жұмбақтар және әлiпбилiк ертегiнiң танымдық та, тәрбиелiк те мәнi зор.