Жыраулық өнер көне түркі дәуірінен бастау алып, күні бүгінге дейін дамып келе жатқан тарихи мәдени мұра. Оның түп-тегін сонау орхон жазбалары мен оғыз
дәуірінің эпикалық мұраларынан көреміз. Сол дәуірлер-ден бізге жеткен жазба ескерткіштердің бірі – «Қорқыт ата кітабы». XV ғасырдың соңы мен XVII ғасырдың бас кезінде қазақ халқы өзінің тұңғыш мемлекеттік құрылымы – қазақ хандығын құрып, мемлекеттің іргетасын қалап, нығая бастады. Осы кезеңде ұлттық әдебиетіміз бен қолөнеріміз дамып, мәдениетіміз де өзіндік сипат ала бастады. Олай дейтініміз: осы ғасырларда өмір кешкен ақын-жыраулардың поэзияларынан халықтың ой-өрісін, салт-санасын, тілек-мақсатын айқын аңғаруға болады. Жыраулар шығыс поэзиясы дәстүрімен өмірдің өтпелілігін жырлап, ізгілік пен набатты дәріптеген. Өз шығармаларын нақыл, өсиет түрінде айтып, ел мүддесін бірінші орынға қойған. Бұл олардың көрегендік, даналық, көсемдік табиғатымен тікелей байланысты. Олар заман хақында толғанып, ата-бабаларымыздың ерлік, елдік іс-әрекеттерін кейінгі ұрпаққа жеткізуді негізгі мақсаты етіп қойған.
Жыраулық өнердің тағы бір ерекшелігі поэзия, музыкалық мақам және орындаушылық шеберліктің бірлігінде. Бұл ерекшеліктерін алып тастар болсақ, жырау
тұлғасына тән қасиеттер толық анықталмаған болар еді.