• Ресми сайт "Алматыкітап баспасы"
День знаний в школе №85 города Астаны
КАТЕГОРИИ
Алматыкiтап» баспасының» командасы Білім Күнін Астана қаласы № 85 мектептің оқушылары және ұстаздар ұжымымен бірге атап өтті. 1 қыргүйек күні бұл жаңа мектепке Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев келді.

«Алматыкiтап баспасының» командасы Білім Күнін Астана қаласы № 85 мектептің оқушылары және ұстаздар ұжымымен бірге атап өтті. 1 қыргүйек күні бұл жаңа мектепке Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев келді.

Бастауыш мектеп мұғалімі  Айдана Президентке Almatykitap-opiq.kz цифрлық жүйесін таныстырды. Бұл  платформада«Алматыкiтаптың» 3,6,8-сыныптарға арналған барлық оқулықтары берілген. 

Almatykitap-opiq.kz жүйесі пайдалануға өте ыңғайлы.  

Ол үш сегменттен тұрады:

Бірінші сегмент: баспалық, ол баспа оқулықтарының мәтіндерін цифрлауға,  олардыаудио жәнебейнефайлдармен толықтыруға, оқушыларға тапсырма ұсынуға, көлемді мәтіндерді қысқа да нақты етіп жүйелеуге мүмкіндік береді. Егер де мәтінде немесе тапсырмада қате кетіп қалса, жүйе оны дереу түзетуге көмектеседі.

Екінші сегмент: ҚР БжҒМ Қазақстанның мектептерінде пайдалануға ұсынатын, «Алматыкiтап баспасынан» жарық көретін 3,6,8-сыныптарға арналған баспа оқулықтарының аналогы, мұғалімге арналған немесе тікелей цифрлы оқулық. 

Бұл сегментте сондай-ақ сынып журналы жұмыс істейді. Онда әрбір оқушының сабақ материалын меңгеру нәтижелері тіркеледі. 1-ден 100-ге дейінгі пайыз шәкілі оқушының сабақтағы төрттік бойынша немесе оқу жылындағы нәтижесін көрсетеді. Сондай-ақ әрбір параграф немесе әр сабақ бойынша сыныптың үлгерім  мониторингін жүргізуге болады.

Оқушылар білімін тексеруде және білім жетістігі мониторингі бойынша қағазбастылық жұмыстарын барынша қысқарту – мұғалімге өте пайдалы.

Үшінші сегмент –оқушыларға арналған. Онда оқулық пен жұмыс дәптерінен ашық немесе жабық тест түрінде алынған барлық практикалық тапсырмалар болады.  Бала оларды бірнеше қайтара орындай алады.  Жүйе тапсырманың қаншалықты дұрыс немесе дұрыс емес орындалғанын анықтайды.

Бұл  сегменттің артықшылығы–бала еліміздің, дүниежүзінің кез келген нүктесінде, үйде, кез келген уақытта жүйені өзін жаттықтыру үшін пайдалана алады. Оған қоса, оқушы және педагог сабаққа дайындалу кезінде кез келген тақырып бойынша платформада орналастырылған оқулықтардың материалдарын пайдалана алады. Мысалы, "Су" тақырыбы бойынша жүйесыныбы мен пәніне байланыссыз, оқулықтарда берілген қажетті  материалды тауып ұсынады.

Бала оқулықтарда ақпараттар мен тапсырмалардыңспираль тәріздес құрылымда берілетінін байқай алады. 

Осылайша, № 85 мектептің педагогтері мен 3-сынып оқушылары төрт күн бойы Almatykitap-opiq.kz жүйесімен танысты. Балалар планшетте, смартфонда, интерактивті тақтада  математикадан берілген тапсырмаларды қиналмай-ақ орындап отырды. 

Педагогтерге журнал, оқулықтағы материалдардың визуалдылығы және пәнаралық интеграция қатты ұнады.

Олар Alnatykitap-opiq.kz жүйесіндегі түрлі опциялармен танысуға үлкен қызығушылық танытты. 

Бұл жерде біздің эстондық серіктесіміз, Opiq платформасын жасаушы Ли Крийсканың өнімді де қызықты тренингтерінің көмегі зор болды.

Смотреть все новости

Комментарии

Оставить комментарий