• Ресми сайт "Алматыкітап баспасы"
Электронные учебники
КАТЕГОРИИ
«Алматыкiтап» баспасы» жаңартылған бағдарлама бойынша оқулықтар базасында электрондық оқулықтар платформасының таныстырылымын өткізді.

«Алматыкiтап» баспасы» Астана қаласы мектеп директорлары орынбасарларының Тамыз кеңесінің секцияларында жаңартылған бағдарлама бойынша оқулықтар базасында электрондық оқулықтар платформасының таныстырылымын өткізді.

Біздің эстондық серіктестеріміз  Ли Крийска, Анти Раммо, «Алматыкiтап» баспасының»вице-президенті Рано Ануар елордамыздың мектеп басшыларына 3,6,8-сыныптарға арналған жаңацифрлық оқулықтарды пилоттық тестілеу туралы айтып берді.

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев конференцияның пленарлық сессиясы алдындағы креативтікөрмеде мектепке дейінгі мекемелерден колледжге дейінгі білім беру нәтижелеріментанысты.

Орта білім беру стендінде «Алматыкiтап» эстондық серіктестермен бірге Әкім мен педагогтерге жаңартылған бағдарлама бойынша жасалған3,6,8-сыныптарға арналған жаңацифрлық оқулықтарды таныстырды. «Алматыкiтап» оқулықтары салынған"Almatykitap-opiq.kz"платформасының мүмкіндіктерін көрсетті.

Эстонияның мектептері түгелдей Opiq платформасында жұмыс жасауға көшірілген.  Бүгінгі күні PISA,TIMSS бойынша Эстония мектептері бірінші позицияда. Мұндай ілгерілеушілікте  «Алматыкітаптың» электрондық оқулықтар жасаудағы серіктесі –AVITA баспасының рөлі өте жоғары.

Смотреть все новости

Комментарии

Оставить комментарий