• Ресми сайт "Алматыкітап баспасы"
Дом книги нового формата
КАТЕГОРИИ
8 қазан күні «Алматыкітап» баспасы» жаңа форматты Кітаптар үйінің салтанатты түрде ашылуын өткізді. (Мекенжайы: Алматы қ., Абай даңғылы, 37 (Н.Ә.Назарбаев даңғылымен қиылысы).

«Алматыкітап» баспасы» директорлар кеңесінің төрайымы Элеонора Нығметқызы Баталова Кітаптар үйінің ашылуы салтанатында атап өткендей, «компанияның миссиясы халықтың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін дамыту» болып табылады.  «Біз өз оқырманымызды бағалаймыз және олар жаңа кітаппен алғаш танысқан сәттен бастап кітап өнерінің сиқырлы әлеміне бой ұратындай қолайлы ахуал тудыруға тырысамыз.  Біз бұдан былай да оқырмандарымызға арналған кездесулерді тұрақты өткізіп, олар Кітаптар үйіне келгенде өзін еркін сезінуіне жағдай жасайтын боламыз», –деді баспа басшысы.

Жаңартылған дүкен форматында көрмелер, викториналар мен конкурстар, кітап ұтыс ойындары, дәрістер, авторлармен кездесулер және жаңа туынды таныстырылымдары, басқа да көптеген мәдени шаралар жиі өткізіліп тұрады. Демалыс күндері Кітаптар үйінде актерлер мен журналистердің, бизнес өкілдері мен жазушылардың, жүргізушілер мен студенттердің кітап оқуын өткізу жоспарлануда. Кішкентай бөбектерге кітап оқып беруге тілек білдірушілер Кітаптар үйіне өтініш қалдыруына болады. Біздің шараларымыз барлық әлеуметтік желілерде, дүкендер мен серіктестеріміздің аккаунттарында жарияланатын болады.

Кітаптар үйінің жаңа дизайны жарық әрі  стильді интерьерімен ерекшеленеді. Кітаптар үйінің шаңырағыдизайны барлық кітапқұмарлардың бірігуін бейнелейді.Келушілердің назарын әппақ сөрелерде, бірегей жарықшамдардың астында орналастырылған кітаптар өзіне тартады.  Оқырмандар көңілін көтеру үшін классикалық музыка мен ұлттық әуендер баяу ойнап тұрады. Навигация жүйесі оқырманға іздеген кітабын жылдам табуға жәрдемдеседі. 

 «Алматыкітап баспасының» каталогыүнемі жаңартылып, толықтырылып тұрады.  Каталогтың негізгі тақырыбы әдеттегідей көркем жәнебалаларға арналған әдебиеттер, оқу және оқу-әдістемелікәдебиеті, ғылым мен бизнес, бос уақыт пен шығармашылыққа арналған белгілі еңбектер болып табылады. Кітаптар үйінің каталогында заманауипоэзия мен проза, психология бойынша басылымдар кеңінен ұсынылады.

Біздің дүкендерде сіздерді отандық және шетелдік баспалардан жарық көрген түрлі тақырыптағы баспа өнімдерінің мол ассортиментіқарсы алады. Біздің қызметкерлерсіздердің өтініштеріңізге мұқиятқұлақ қойып,бізде бар өнімдерден таңдағаныңызды тауып беруге әзір. 

Біздің Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында орналасқан 12 дүкенімізде бар кітаптарға сайтымыз арқылы да тапсырыс беруге болады. Айта кетерлік бір жайт, бүкіл еліміз бойынша жеткізіп беру жұмыс істейді.

Ашылуларда мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар менбұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады

Смотреть все новости

Комментарии

Оставить комментарий