• Ресми сайт "Алматыкітап баспасы"
«Алматыкітап баспасы»
КАТЕГОРИИ
«Алматыкітап баспасы» Майндағы Франкфурттегі ірі халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінде қазақстандық кітап саласын насихаттайды

Көрме  10 – 14 қазан күндері Messegelände аумағында өтті.

Бұл дүниежүзіндегі ертеден келе жатқан кітап форумы, 500 жыл бұрын, 1473 жылыалғаш рет осы қалада кітап көрмесі өткізілген.

Көрме-жәрмеңкедедүниежүзінің 105 елінен келген 1000 шақты баспа кітап саласындағы ең жақсыларын көпшілік назарына ұсынады. Кітап индустриясы жаңалықтарынан басқамұнда Онлайн медиа жаңалықтары да ұсынылады. Әртүрлі тақырыпқа қызықты конференциялар өткізіледі. 

Біз өз баспамыздың үздік кітаптарын насихаттап қана қоймай, мыңдаған келушілерге Қазақстан туралы, оның табиғаты, халқымыз жайлы, салт-дәстүріміз бен ата-баба жоралары туралы әңгімелейміз. Өз кезегінде, әлеуметтік желідегі біздің аккаунттарымызда бізқазақстандықтарға дүниежүзілік әдебиеттегі жаңалықтар туралы, кітап өнері  форматтарындағы жаңалықтар жайлы, түрлі елдердің тұрғындары кітап шығару мен кітап оқуға қаншалықты көңіл бөлетіндігі туралы айтып жеткізіп отырамыз.

Смотреть все новости

Комментарии

Оставить комментарий