• Официальный сайт издательства "Алматыкітап баспасы"
1 шілде  – ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ!
КАТЕГОРИИ
Фильтр по цене

Жыл сайын шілденің алғашқы жексенбісінде келетін, ұлттық аспабымызды ұлықтауға арналған бұл мереке 2018 жылдан бері тойланып келеді. 

1 шілде  – ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ!

Жыл сайын шілденің алғашқы жексенбісінде келетін, ұлттық аспабымызды ұлықтауға арналған бұл мереке 2018 жылдан бері тойланып келеді. 

Алматыкітап баспасының кітап ассортименті  ұлттық құндылықтарымызды айрықша дәріптейтін басылымдарға толы.
Мәселен, жыл сайын ана тілімізбен қатар, орыс және ағылшын тілдерінде «Менің Қазақстаным» бірегей кітаптар сериясын дайындалып, басылып шығарылуда. Қазақ халқының терең тарихы, мәдениеті, тұрмысы мен салт-дәстүрі, географиясы, флорасы мен фаунасы, ұлы тұлғалары мен ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін кітап-альбомдар Франкфурт, Лондон, Пекин, Болонья, Турин және Мәскеу қалаларындағы ірі халықаралық көрмелерде жүлделі орындарды иеленіп, талай шетелдіктің таңдайын қақтырғаны рас. Сырты мен іші көз тартар суреттер мен мағыналы мазмұнға бай бұл серия - жетпіске тарта құнды кітаптан, альбомдар мен энциклопедиялардан тұрады. «Менің Қазақстаным» этнографиялық жинағын жарыққа шығарудағы басты мақсат – өскелең ұрпаққа патриоттық және рухани тәрбие беру, жастарды үш тілді де жетік білуге ынталандыру. Аталмыш топтамадағы «Қош келдің, Әз-Наурыз!» жаңа басылымын да ерекше атап өту керек. Бұл сериядағы кітаптың барлығы дерлік еліміздің шетелдердегі елшіліктеріне сыйлық ретінде таратылады.
Домбыра – қазақтың киесі, қасиеті, қазынасы. Барша оқырманымызды ерекше мерекемен құттықтаймыз!

Смотреть все новости

Комментарии

Оставить комментарий