• Официальный сайт издательства "Алматыкітап баспасы"
16-ЖЕЛТОҚСАН - ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ!
КАТЕГОРИИ
Фильтр по цене

Құрметті оқырман! 

Сіздерді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы, ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 

Өткен ғасырдың соңғы ширегінде бастарын бәйгеге тігіп, елін бодандық құрсауынан шығаруға ұмтылған ата-бабаларымыздың қыршын ерліктері бүгінгі бейбіт, дербес атамекеніміздің жарқын күндеріне айналды. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты — азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты парызымыз. Абыройлы да айбынды, беделді де берекелі отанымыздың келешегі кемел, тәуелсіздігі баянды болсын! 
Сіздерді бүгінгі ұлық мерекемен құттықтай отырып, егемен еліміздің игілігі жолындағы ісіңізге мол табыс, жанұяңызға береке-бірлік, деніңізге саулық тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Ыстық ықыласпен, Алматыкітап баспасы!

Смотреть все новости

Комментарии

Оставить комментарий