Бүгін Көкшетау қаласында елімізде Алғаш рет баспа өкілі ата-аналар қауымымен кездесті. Кездесуге қалалық, аудандық ата-аналар кеңесінің төрағалары (төрайымдары) келді. Қатысушылар баспа өкілімен еркін сұқбаттасып, TopIQ білім беру платформасымен кеңінен танысты. Платформа туралы бірқатар оң пікірлерін білдіріп, баспа ұжымына ауыр сөмкелер мәселесін көтеріп қана қоймай, шешімін де ұсынғаны үшін ерекше алғыс білдірді. Алматыкітап баспасы өкілі де барлық Көкшетаулық ата-аналармен кездескеніне өте қуанышты.
Кездесу спикері – «Алматыкітап баспасы» PR бөлімі басшысы – Койшина Дәмелі Қауатайқызы.