• Официальный сайт издательства "Алматыкітап баспасы"
«АЛМАТЫКІТАП БАСПАСЫ» «ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫМЕН-2022» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ!
КАТЕГОРИИ
Фильтр по цене

«АЛМАТЫКІТАП БАСПАСЫ» «ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫМЕН-2022» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ!

 

Ағымдағы жылдың 23-25 қарашасы аралығында, Алматы қаласында Атакент EXPO және Қазақстан Республикасы Кітап палатасы бастамасымен ең ірі халықаралық көрме-жәрмеңке өтті. Осыған байланысты, Алмаыткітап баспасы «Менің Қазақстаным. Ұлы тұлғалар» сериясы бойынша шыққан: «Мәңгілік тұлға – Ұлы Абай», «Ыбырай. Даланың таза бұлағы» «Шоқан. Шығыстың шоқ жұлдызы» туындыларының таныстырылмын көрсетті. Көрме қонақтары кітап авторларымен тікелей тілдесіп, Ұлы тұлғалардың жүрген ізімен сапар шегуге және сол заманның атмосферасына енуге мүмкіндік алды. Оқырмандар Ресей және Қазақстан аумағында орналасқан мұражайларға сапар шекті. Бұрын-соңды жария болмаған көптеген құнды және эсклюзивті тарихи мұраларға куә болды. Сонымен қатар көрмеде баспаның биылғы су жаңа өнімі, Франкфуртте талай шетелдіктерді таң қалдырған ұлттық дүниемізді ұлықтар ғылыми туынды – «Қазақтың дәстүрлі құрақ бұйымдары» кітабының тұсаукесері де өтті.

Көрме аясында ұйымдастырылған халықаралық кітап конкурстарда баспаның бірнеше кітаптары жоғары наградалармен марапатталды. «Қазақстан халық ертегілері» Халықаралық 1 дәрежелі дипломмен, «Ыбырай. Даланың таза бұлағы» гран-при, «Қазақтың дәртүрлі құрақ бұйымдары» арнайы номинация бойынша диплом алды.

Көрмеге келіп, баспа жаңалықтарымен танысып, қуанышымызбен бөліскен әр оқырмандарға ерекше алғыс білдіреміз!

Жеңісті күндерде жүздескенше!

Смотреть все новости

Комментарии

Оставить комментарий