«Алматыкітап баспасы» Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккен мектептердің балалары мен мұғалімдеріне көмек көрсетеді
Баспа Қостанай облысындағы алапат өртке байланысты қашықтан оқу форматына көшкен мектептердің балалары мен мұғалімдеріне TopIQ білім беру платформасын пайдалануға мүмкіндік береді.
«Алматыкітап баспасы» Қостанай облысының мұғалімдерімен шығармашылық ынтымақтастықта үлкен жетістіктерге жеткенін атап өткіміз келеді. Өңірде оқулық жазуға атсалысқан авторларымыз көп, жақында біз «Leader TopIQ» байқауының жеңімпаздарын марапаттадық.
Бұл жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай емес, бәрімізге ортақ қасірет. Баспа қызметкерлерінің барлығы осы сын сағатта апатты жағдайда қалған балаларды баспа оқулықтарымен қамтамасыз етудің оңай емес екенін түсінеді. Біз балаларға көмектесу акциясына қосыламыз.
Баспамыз Қостанай облысының Білім басқармасына TopIQ.kz электрондық оқулықтар платформасын жыл соңына дейін тегін пайдалану үшін 3000 лицензия беретінін хабарлаймыз.
Өрттен зардап шеккен немесе эвакуация орталығына айналған мектептердің оқушылары https://topiq.kz сайтында орналасқан TopIQ білім беру платформасы арқылы көлемді кітапханаға қол жеткізіп, мұғалімдер оқу процесін ұйымдастыру үшін платформаның барлық функциясын пайдалана алады.
«Алматыкiтап баспасы» поможет детям и педагогам школ, пострадавших от пожаров в Костанайской области
Издательство открывает бесплатный доступ к образовательной платформе TopIQ для учителей и учащихся школ Костанайской области, которые в связи с прошедшими пожарами вынуждены перейти на дистанционную форму обучения.
Надо сказать, что издательство «Алматыкiтап баспасы» имеет успешный опыт творческого сотрудничества с педагогами из Костанайской области: в регионе много авторов наших учебников, а еще совсем недавно мы чествовали победителей конкурса «Leader TopIQ».
Для всех нас – это общая беда, а не ЧС местного значения. В эти тревожные дни все сотрудники издательства понимают, как сложно в режиме чрезвычайной ситуации обеспечить всех детей печатными учебниками. Мы присоединяемся к акции по оказанию помощи детям.
Департаменту образования Костанайской области от издательства будет предоставлено 3000 лицензий на бесплатное использование платформы электронных учебников TopIQ до конца года.
Образовательная платформа TopIQ на сайте https://topiq.kz позволит учащимся школ, пострадавших от пожара или ставших эвакопунктами, получить доступ к обширной библиотеке, а педагогам успешно использовать все функции платформы для организации учебного процесса.