14 ақпан күні ШҚО Сәрсен Аманжолов атындағы университетте ШҚО Білім басқармасының кеңейтілген алқа отырысы өтті. Отырысқа Алматыкітап баспасы арнайы шақыртумен қатысты. Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облыс әкімінің орынбасары Сапанов Дархан Бақытжанұлы, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісі Асылова Бибигуль Амангелдіқызы, Жоғары оқу орындарының ректорлары, аудандар мен қалалардың әкімдері, Білім беру орындарының басшылары және т.б. қатысты.
Алматыкітап баспасының коммерциялық директоры Жир Олеся Григорьевна және орынбасары Гүлмира Серікқызы көрме ұйымдастырып, А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық кітапханасына баспа басылымдарын сыйға тартты. Халықаралық кітап сыйлау күнін осылай қорытындыладық.