• Официальный сайт издательства "Алматыкітап баспасы"
Көкшетауда «TopIQ» (topiq.kz) электронды оқулықтардың бірінші ұлттық платформасының тұсаукесері өтті
КАТЕГОРИИ
«Болашақ сарайында» өткен шараға педагогика мамандығы бойынша білім алатын студенттер, мұғалімдер, мектеп директорлары, ата-аналары және БАҚ өкілдері қатысты.

       «Алматыкітап» баспасының директорлар кеңесінің төрайымы Элеонора Баталованың айтуынша, электронды оқулықтар ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен талаптарға сай келеді. 

Баспа нұсқаларының негізінде оқулық авторлары оларды фото, видео, аудио және қызықты интерактивті тапсырмалар сияқты мультимедиалық материалдармен толықтырып отыр.

 «Электрондық оқулықтар әр түрлі аймақтардағы балаларға жақсы білім алу мүмкіндігін теңестіреді. Сондықтан «Алматыкітап» баспасы Қазақстандағы ең тәжірибелі баспалардың бірі ретінде мектепке арналған оқулықтарды цифрлауды бірінші болып қолға алды. 

         

              Бүгінгі таңда платформада үш баспадан 1-11 сыныптар аралығында 65 оқулық бар.

 

Электрондық оқулықтары бар Платформа «Күнделік» интеграциясына ие, яғни мұғалім осы ұлттық журналдар мен күнделіктер платформасы арқылы тапсырмалар бере алады. Сондай-ақ, мұғалімдер электрондық оқулықтардағы балалардың сабақтары үшін бағаларды бірден «Күнделік» бағдарламасына қоя алады», - дейді Элеонора Баталова.

 

Сонымен бірге, брифингте «Алматыкітап» баспасының президенті Гаухар Саймасаева, цифрлық орталықтың басшысы Елена Капранчик пен оның орынбасары Әсима Рысқұлбекова «TopIQ» электронды оқулықтардың бірінші ұлттық платформасының білім біреу саласындағы артықшылықтарын айтты. 

«Бұл электронды оқулықтар платформасы заман талабына сай жасалған. Платформа бір жағынан қолайлы әдістеме ретінде ұстаздардың жұмысын жеңілдетеді, оқушылардың білім, пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттырады.

 Мұндағы фото, видео, аудио және қызықты интерактивті тапсырмалар сияқты мультимедиалық материалдар оқушыларға өздігінен білім алуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, балаларының білім бақылауда ата-аналар үшін де тиімді болып отыр», - деді Әсима Рысқұлбекова.

Брифингте айтылғандай, «Алматыкітап баспасы» өткен жылы, пандемия басталған кезде, электрондық оқулықтар платформасының барлық оқулықтары қазақстандық оқушылар үшін тегін болды.

 Платформада бір миллион оқушы айналысатын күндер болды. 

Бұл электронды оқулықтар еліміздің ондаған мектебінде апробациядан сәтті өтті. 

Бүгінгі күні еліміздегі 191 мектеп және 130 мың оқушы жазылған. 

Жалпы, бұл тәжірибенің, яғни электрондық оқулықтарды дамыған елдердің көбінде қолданылып отыр.
 

Сонымен қатар, білім беруде және педагог мамандарды даярлауда электронды оқулықтардың бірінші ұлттық платформасын пайдалану жөнінде «Алматыкітап» баспасы Көкшетау қаласындағы Ж.Мусин атындағы жоғары педагогикалық колледж, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті және М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен екіжақты меморандумдарға қол қойылды.

 

 Автор: Аслан Оспанов
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат

 

►https://www.inform.kz/kz/kokshetauda-topiq-elektrondy-okulyktardyn-birinshi-ulttyk-platformasynyn-tusaukeseri-otti_a3859728

Смотреть все новости

Комментарии

Оставить комментарий