«TopIQ – білім берудегі цифрландырудың драйвері» республикалық семинары Солтүстік Қазақстан обылысында жалғасын тапты. Облыстың бірнеше аудандарында өткен оқыту семинарына жалпы саны 300-ге жуық адам қатысты.
Аудандық білім бөлімі қызметкерлері мен ұстаздары платформаға деген ерекше қызығушылықтарын да жасырмады.
Семинар спикері Астана қалалық тренингтік орталық басшысы – Гүлнұр Серікқызы ауа-райы қолайсыздығына байланысты Тайынша қаласының ұстаздарымен онлайн семинар өткізді. Платформамен танысып, жұмыс жасауға ниеттеніп келген әр маманға ерекше алғысымызды білдіреміз. Құрметпен, «Алматыкітап басппсы»!