• Официальный сайт издательства "Алматыкітап баспасы"
КАТЕГОРИИ
Фильтр по цене

Жаңа оқу жылы да басталды.
Озық мұғалімдер мен ғалымдардың тәжірибесі, әдеттегі  тәртіппен және қашықтықтан оқыту, білім беруде жаңа технологияларды қолдану туралы қазір тамыз конференциясында еліміздің барлық педагогтерінің дәстүрлі кездесу орындарында кеңінен талқылануда.
10 күннен астам қарқынды келіссөздер мен кездесулер, шеберлік сыныптары мен презентациялар, сондай-ақ ел өңірлерінде онлайн оқыту тренингтері мен семинарлары өткізілді.
Біздің баспамыз басқа білім беру мекемелерімен қатар қазіргі заманғы білім берудің сапасы мен тиімділігін арттыруға белсенді түрде өз үлесін қосуда.
Ең алғаш рет жаңа TopIQ.kz электронды оқулықтардың платформасын таныстыруда ол еліміздің барлық өңірлерінде апробациядан сәтті өтті. Біз өзіміздің web-платформамызды "халықтық" деп аталуына әбден лайық деген ойдамыз, өйткені оны әзірлеу барысында республиканың жалпы білім беретін мектептерінің қазіргі мұғалімдері, оқушылар мен ата-аналарының, педагогикалық колледждердің студенттері мен оқытушыларының барлық пікірлері мен ұсыныстары ескерілген.
Өткен екі аптада біздің жетекші авторлары мен баспа мамандары Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Алматы облыстары мұғалімдерінің алдында электронды оқулықтар платформасымен кеңінен таныстырып келеді.
19 тамызда Білім және Ғылым Министрлігі тамыздық конференциясының республикалық секция отырысы өтті. Бұл жиында «Алматыкітап баспасы» атынан электрондық оқулықтарды дайындау бөлімінің меңгерушісі Рысқұлбекова Әсима Дәулетбекқызы сөз сөйледі. Көптеген мұғалімдердің қызығушылығын көріп жіне  оң пікірлеріне сүйене отырып, жаңа оқу жылынан бастап TopIQ.kz  электронды оқулықтар платформасы мұғалімдер үшін де, барлық қазақстандық отбасылар үшін де сенімді оқу құралы және көмекшісіне айналады деген үміттеміз!
Жалпы Республика бойынша көптеген аймақтарда өткен секциялық мәжілістеріне «Алматыкітап баспасы» авторлары мен мамандары қатысып, TopIQ.kz  платформасының презентациясын жасады.

Бұл 50 000 жуық мектеп ұстаздары.

  http://youtu.be/I4xenvof4_E

Смотреть все новости

Комментарии

Оставить комментарий