• Официальный сайт издательства "Алматыкітап баспасы"
ТҰСАУКЕСЕР! Шоқан. Шығыстың жарық жұлдызы
КАТЕГОРИИ
Фильтр по цене

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН❗️❗️❗️

2023 жылғы 22-24 қараша аралығында Алматы қаласында «Атакент-Экспо» Қазақстандық іскерлік ынтымақтастық орталығында «Ұлы Жібек жолы бойында-2023» ХІ Халықаралық кітап және полиграфиялық көрмесі өтеді.
 Осы іс-шара аясында Алматыкітап баспасы Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы және «Атакент-Экспо» халықаралық көрме компаниясымен бірлесіп баспамыздың жаңа туындысы – «Шоқан. Шығыстың жарық жұлдызы атты кітаптың тұсаукесерін өткізетіндігін хабарлайды. Кітап - мектеп оқушыларына, студенттерге және жалпы оқырман қауымға арналған. Туындыға  Ш. Уәлихановтың отбасымен бірге білім алған ортасы, өмірі, қызметі, ғылыми-зерттеулері, сондай-ақ Шоқанның салған суреттері мен бізге жеткен фотосуреттері, карталары енгізілді. Сонымен қатар Шоқанның фольклоршы, шығыстанушы, тарихшы, этнограф, географ, саяхатшы, ағартушы, ойшыл, филолог, картограф, суретшілік қырлары қамтылды. Достары, әріптестері мен замандастарының  Ш. Уәлиханов туралы жазған мақалалары мен естеліктері де оқырман назарына ұсынылды. Жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру үшін, әр бетіне QR-код орналастырылған. Оның көмегімен деректі фильм көріп, сондай-ақ, аудиоиллюстрация ретінде танысуға, Ш. Уәлиханов мұражайына сапар шегуге болады.
 Айтулы іс-шараға Қазақстан Республикасы атқарушы органның өкілдері, білім беру жүйесінің басшылары, қоғам белсенділері, жазушылар, бұқаралық ақпарат құралдары келеді деп күтілуде. 

Смотреть все новости

Комментарии

Оставить комментарий