• Официальный сайт издательства "Алматыкітап баспасы"
Жаңа жылдық құттықтау!
КАТЕГОРИИ
Фильтр по цене

Жаңа жылыңыз құтты болсын!

2023 жыл Алматыкітап баспасы үшін жемісті болды!

Баспа жыл бойы бірнеше халықаралық көрмелерге қатысып, жаңа басылымдардың тұсауын кесіп, байқаулар жеңімпазы атанып үлгерді. Сондай-ақ дәстүрлі LEADER TOPIQ Республикалық байқауы кезекті рет ұйымдастырылып, сайысқа өтінім бергендер саны 600-ге жуықтады. TOPIQ электронды оқулықтар платформасы қолданушыларының саны 1,5 миллионға таяп, «GESAWARDS-2023»  үздігі болды. 
Астана қаласындағы оқырмандарымыз үшін арнайы Ыбырай атындағы Кітап үйі есігін айқара ашып, бірнеше ай ішінде ғимараттың  жұмысымен танысуға келген қонақтар мен делегаттар саны 500-ден асты. 
Баспа ұжымы жыл бойы серіктестік жасап, барлық жобаға қолдау көрсеткен әріптестері мен белсенділік танытып, бірге болған әр оқырманына айрықша алғыс білдіреді. Жаңа жылда жаңа табысқа бірге жетейік! Құрметпен, Алматыкітап баспасы! 

Смотреть все новости

Комментарии

Оставить комментарий