Главная / Пресс-центр / Новости
Новости
Пресса
Выставки и ярмарки
Презентации

АЛМАТЫДА АЙРЫҚША ҮЛГІДЕГІ КІТАП ДҮКЕНІ АШЫЛДЫ

10.10.2018

АЛМАТЫДА АЙРЫҚША ҮЛГІДЕГІ КІТАП ДҮКЕНІ АШЫЛДЫ Источник: https://kaztrk.kz/news/qogam/almatyda-airyqsha-ulgidegi-kitap-dukeni-ashyldy-119752

АЛМАТЫДА АЙРЫҚША ҮЛГІДЕГІ КІТАП ДҮКЕНІ АШЫЛДЫ
Алматыда осы заманға сай үлгідегі айрықша жаңа үй ашылды. Ерекшелігі сол, мұнда ауқымды шаралар өткізуге болады. Сондықтан, елге танымал жазушылар жаңа кітаптарының тұсаукесерін осында жасауға мүдделі. Жаңа кітап дүкенінің дизайны ерекше. Ал, ішіне кірсеңіз, кітап музейі іспетті. Әрбір сөреге жарық шамдары орнатылған. Ұлттық ән-күй мен классикалық музыка үзілмей ойнап тұрады. Сілтемелер арқылы қалаған кітапты қарауға болады. Элеонора Баталова, «Алматы кітап» баспасының басшысы: - Шындығында, қазір біреуді таңқалдыру қиын. Бірақ, біздің мақсатымыз - азаматтардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Өздеріңіз білесіздер, адамның кітапқа сүйіспеншілігі бала кезде оянады. Сондықтан, басымдықты балаларға бердік. Дүкеннің іші кішкентайлардың көңілінен шығатындығы анық. Мұнда отандық және шетелдік баспалардың алуан түрі бар. Оқырмандар үшін көркем шығармалар, балалар әдебиеті, оқулықтар мен әдістемеліктер, ғылым мен бизнес, проза мен поэзия, психология туралы туындылар көпшілік назарына ұсынылған. «Сондықтан, мұндай форматтағы дүкен көпшіліктің кітапқа деген қызығушылығын арттырады», - дейді зиялы қауым. Аягүл Миразова, Қазақстанның Еңбек ері: - Кітап дүкенінің ішінде «Рухани жаңғыруға» арналған арнайы бөлім бар. Міне, бұл білімге білім қосады. Тек қана бұған қызықтыру керек. Кеше ғана Елбасымыз Жолдауды біліммен бастады, біліммен аяқтады. Бұдан бөлек, оқырмандарға арналған арнайы портал да жұмыс істеп тұр. Ал, алдағы уақытта белгілі қаламгерлердің кітап көрмелері мен тұсаукесерлерін, келелі кездесулер өткізу ісі жоспарда бар.     Аманкелді СЕЙІТХАН

 

В сети книжных магазинов «Алматыкітап баспасы» вы найдете книги для всей семьи!
© 2004–2018 Алматыкiтап баспасы
Сделано в 4Design
Головной офис:
Республика Казахстан,
г.Алматы, ул. Жамбыла, 111
info@almatykitap.kz
(+7 727) 250-29-58