• Официальный сайт издательства "Алматыкітап баспасы"
Новости
КАТЕГОРИИ
Фильтр по цене

«Қош келдің, әз-Наурыз» жаңа басылымы жеңімпаз атанды

Алматыкітап баспасының «Қош келдің, Әз-Наурыз!» балаларға арналған кәдесый-кітабы жыл сайын ТМД елдері арасында өтетін ХІХ Халықаралық «Исскуство книги 2023» байқауында «Балалар мен жасөспірімдерге арналған кітап» номинациясы бойынша І ОРЫН иеленді.

23 сәуір – Халықаралық кітап күнімен құттықтаймыз!

Барша кітапсүйер оқырманды 23 сәуір – Халықаралық кітап күнімен құттықтаймыз! Мерекеде «Алматыкітап баспасының» VI «Eurasiаn book fair – 2023» көрме-жәрмеңкесі аясында «Үздік кітап» номинациясы бойынша бас жүлде иеленгенін қуанышпен хабарлаймыз!  Жеңісті күндеріңіз көп болсын, құрметті оқырман!

«Қош келдің, әз-Наурыз» жаңа басылымы тұсаукесерінің салтанатты рәсімі өтті.

«Eurasian book fair 2023» VI Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі аясында «Алматыкітап баспасының» «Қош келдің, әз-Наурыз» жаңа басылымы тұсаукесерінің салтанатты рәсімі өтті. Қуанышымызға ортақтасып келген барша оқырмандарымызға алғыс білдіреміз

TopIQ – GESAWARDS ЖЕҢІМПАЗЫ!

«TopIQ.kz» білім беру платформасы Лондонда өткен жаһандық білім беру технологиясындағы стартаптар байқауының жеңімпазы атанды. Баспа қызметкерлері: Олеся Григорьевна Жир және Анель Райымбекқызы Баталова «TopIQ.kz» платформасын Digital жоба ретінде көрме төрінде таныстырып, нәтижесінде ең беделді халықаралық GESA байқауының жүлдесін қанжығаға байлады. Иә, бұл біздің баспа өнімінің халықаралық арендағы үлкен жетістігі! Байқаудың мәртебесіне келсек, Global EdTech Startups Awards (GESAwards) – әлемдегі ең ірі EdTech қауымдастығындағы жарыс. Байқау әлемнің 130-дан астам елінде өткізіледі және қазірдің өзінде 6 000 таяу жоба бақ сынасты. «GESAwards» - білім беру технологиялары арасындағы жылдың үздік стартапын анықтауға жол ашады.